Дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі күні тәулік бойы жұмыс істейтін бөлімшенің жүктемесі көбейген.
Биыл алғашқы 6 айда екі бөлімшеде 5 117 адам ем қабылдаған. Өткен жылдың осы кезеңінде стационарларда 4 533 науқас емделген. Яғни көрсеткіш 584 адамға немесе 12,9%-ға өскен.
Ең жоғары өсім күндізгі стационарда байқалды. Мұнда биыл 1 426 пациент қабылданған, ал былтыр олардың саны 1 196 адам болған. Бұл — 230 адамға көп, өсім — 19,2%.
Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда 3 691 пациент емделген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 3 337 адам болған. Яғни науқастар саны 354 адамға немесе 10,6%-ға артқан.
Алайда мамандар ем қабылдағандар санының өсуі стационарлардың атқарған жұмыс көлемін ғана көрсететінін атап өтті. Бұл көрсеткіштің өзі онкологиялық аурулардың таралу деңгейі дәл осындай қарқынмен өскенін білдірмейді.
Айта кетейік, елімізде 15 мыңға жуық онкологиялық науқас сәулелік ем қабылдап жатыр.