Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеуді жүргізу облыс прокуратурасының арнайы прокурорларына жүктелді. Яғни, 2015-2022 жылдар аралығында аталған ЖШС басшылары қол астындағы қызметкерлердің көмегімен жеміс ағаштарының көшеттерін сатумен байланысты құжаттарды қолдан жасап, сатылған өнім көлемін әдейі асыра көрсеткені анықталды.
- Алаяқтық әрекеттердің нәтижесінде олар мемлекеттен 321 млн теңгеден астам көлемде заңсыз субсидия алған. Қылмыстық іс аясында айғақтар толық жиналып, күдіктілерге ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы және 385-бабы 2-бөлігі (алаяқтық және жалған құжаттарды қолдан жасау) бойынша айып тағылды. 2025 жылғы 23 шілдеде Меркі аудандық соты барлық күдіктілерді кінәлі деп таныды, - делінген хабарламада.
Прокуратураның мәліметінше, ЖШС басшыларына 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ 10 жыл мерзімге қаржы бақылауы және мемлекеттік сектор саласында лауазым атқаруға тыйым салынды. Алаяқтық жасауға көмектескен бес қызметкерге 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.