Ғалым Әбдіқазиев 1973 жылы туған.
Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын «автомобильдер және автомобиль шаруашылығы», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару», сондай-ақ «тау-кен ісі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Тараз қаласындағы «Дауыл» жеке фирмасының сатушысы болып бастаған.
1996-1999 жылдары «Шығыс-Таңы» ЖШС қойма меңгерушісі, іс жүргізушісі, директорының орынбасары, 2000-2005 жылдары «Тараз көлік жолы» ЖШС сауда бөлімінің басшысы, 2005-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы болды.
2011-2012 жылдары «ТТК Казатомөнеркәсіп жолдары» ЖШС филиалының директоры, 2013-2014 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің басшысы, 2014-2016 жылдары «Адал Сенім Строй» ЖШС директоры, 2016-2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік резервтер комитетінің «Резерв» РМК Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, 2017-2023 жылдары «Адал Сенім Строй» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысы әкімі көмекшісінің міндетін атқарушы лауазымында еңбек етіп келді.