Өткен айда полиция қызметкерлері сағат 22:30–да тексеру жүргізген кезде де шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған ер адамның үйде жоқ екені анықталған. Сот отырысында ол сол күні кешке көршілерінің моншасында болғанын және уақытқа қарамағанын түсіндірді. Ер адам өз кінәсін мойындады.
Белгілі болғандай, ол биыл шілде айында ғана мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған. Оған пробациялық бақылау белгіленіп, бірқатар шектеу қойылған. Соның ішінде кешкі сағат 22:00–ден кешікпей үйде болуы міндеттелген. Тамыз айында осы талапты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Қайталанған құқықбұзушылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 480-бабының 2-бөлігі бойынша қаралды. Бұл бапта 20 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы — 86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген.
Сот жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайларды анықтамады. Соған қарамастан, ер адамға әкімшілік қамақтың ең ұзақ мерзімі — 15 тәулік тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Бұған дейін пробация есебіндегі қызылордалық сот залынан қамауға алынған болатын.