Жамбыл облысында мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Жамбыл облысында Б.Момышұлы ауылында орналасқан 2 қабатты мейрамханадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Жамбыл облысы ТЖД

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, құтқарушылар 250 адамды эвакуациялады. Нақтыланған мәліметтер бойынша екі қабатты мейрамхананың шатыры жанып, 400 шаршы метр алаңдағы 2-ші қабаттың шағын залына көшкен. Оқиға орнында ТЖД бастығының басқаруымен өрт сөндіру штабы құрылды.

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 60-қа жуық адам, жедел құтқару жасағы, апаттық медицина орталығының өкілдері, психологтар және 12 техника жұмылдырылды.

Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі ауруханаға жатқызылып, көмірқышқыл газымен уланған үш адам дәрігерлердің бақылауында.

Өрттің себебі анықталуда.