АСТАНА. KAZINFORM – Жамбыл облысында саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалып кеткен әйелді құтқарушылар іздеуге шықты.
«Жамбыл облысының Жуалы ауданында 1964 жылы туған әйел адам таулы жерде жоғалып кетті.
Әйел адам саңырауқұлақ теруге шыққан болатын. Оны аймақтағы ТЖД қызметкерлері іздеуге шығып, 4 сағаттан кейін тапты. Саңырауқұлақ терушіге медициналық көмек қажет болмады», — деп жазды ведомстводан.
ҚР ТЖМ бейтаныс жерлерде саңырауқұлақ термеуге шақырады.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.