Жамбыл облысында шетел азаматын пышақтаған күдікті ұсталды

Фото: Фото: Freepik

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер органдары Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жанар-жағармай құю бекетінде суық қару қолданып шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Күдікті оқиға орнында ұсталып, қамауға алынды.

— Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі (пышақ қолдану арқылы жасалған бұзақылық) бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істі Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы өндіріске қабылдап, жедел-тергеу тобы құрылды, — делінген ведомство хабарламасында.

Жедел-тергеу тобының жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнына Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының қызметкерлері жіберілді. Оқиғаның толық және жан-жақты тергеуі қамтамасыз етіледі.

Күдіктінің әрекетін қайта саралау мәселесі тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша және қадағалау органының келісімі бойынша қаралатын болады.

Тергеу барысы ҚР Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.

Бұған дейін Жамбыл облысында бұрынғы полицейді өлтірді деген күдікті ұсталғанын жазған едік.