Жамбыл облысында трансформатор өртеніп, 180 үй жарықсыз қалды

Фото: Фото: ТЖД баспасөз қызметі

ТАРАЗ. KAZINFORM – Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Ақбұлым ауылында КС-5 қосалқы трансформатор станциясының шатыры өртенді. Өрттің жалпы аумағы – 240 шаршы метр.

«Өрт салдарынан ауылдағы 180 абонент, оның ішінде біреуі әлеуметтік нысан электр жарығынсыз қалды. Сағат 10.45-те тұтанған өрт сағат 11.43-те ауыздықталып, 12.45-те электр энергиясы қайта берілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өртті жоюға барлығы 28 өрт қызметкері мен 7 техника жұмылдырылды», – делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан релизде.

Бұған дейін Жамбыл облысының Жаңатас қаласында көшелерді су басқанын хабарлаған болатынбыз. 

Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Фото: ТЖД баспасөз қызметі