Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 3 қазан күні сағат 22:00 шамасында Байзақ ауылында болған. Кәмелетке толмағандар арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 2011 жылы туған жасөспірім дене жарақатын алған. Кейін ол алған жарақаттарынан көз жұмған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Іс департамент басшылығының бақылауында, — деп хабарлады полиция.
Бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданында кәмелетке толмаған оқушының қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік.