Прокурорлар жеке сот орындаушысының мемлекет пен банк ұйымдарына тиесілі қаражатты жымқырған фактілерін анықтады. Нақтылай айтқанда, борышкерлерден өндірілген 3,9 миллион теңге жеке сот орындаушының жеке шотына аударылып, жеке қажеттіліктерге жұмсалған.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабының 2-бөлігі (жеке сот орындаушысының өкілеттігін қайталап теріс пайдалануы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2026 жылғы 20 наурызда жеке сот орындаушыға қатысты іс сотқа жіберілді.
2026 жылдың бірінші тоқсанында прокурорлық тексерістер нәтижесінде 168 адам түрлі жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 81 жеке сот орындаушы жазаланған. Сонымен қатар алимент төлеуден жалтарған 6 адамға қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы (балаларды асырауға арналған қаражатты төлемеу) бойынша қылмыстық істер қозғалған.
Прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде жалпы 220 миллион теңге көлеміндегі берешек өндірілді.
Прокуратура азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жалғастырып, атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Айта кетсек, осыған дейін СҚО әкімдігі басқармасының экс-басшысына сотқа дейінгі тергеу басталғанын жазғанбыз.