Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді

Фото: Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM –  ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі сағат 11-14-те жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2.

MPV магнитудасы – 5.3. Эпицентрдің координаттары – 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б.

Тереңдігі – 25 км.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Жамбыл облысының Мерке к. 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Мониторинг жүргізіліп жатыр.