Байзақ ауданының прокуратурасы Байзақ ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» КММ қызметінде жер заңнамасы талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде заң бұзуды анықтады.
Атап айтқанда Үлгілі ауылдық округі әкімінің шешімімен ауданы 5,7 га суармалы жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілген.
— Бұл ретте жер пайдаланушыға 7,5 млн теңге мөлшерінде ауыл шаруашылығы өндірісі шығындарын өтеу міндеті жүктелгенімен, заңда белгіленген мерзімде көрсетілген сома төленбеген.
Тексеру барысында осыған ұқсас тағы 5 дерек анықталып, олардың нәтижесінде бюджетке жалпы сомасы 49,6 млн теңге көлеміндегі міндетті төлемдер түспегені анықталды, — делінген пркуратура хабарламасында.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 35 млн теңге өндіріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Қазіргі уақытта уәкілетті орган қалған берешек сомасын өндіріп алу бойынша қажетті шараларды қабылданып жатыр.
Айта кетелік Маңғыстауда прокуратура 1,3 млрд теңгелік жобаның жалғасуына ықпал еткен еді.