Жамбыл облысында жылына 120 мың тонна өнім өндіретін мал азығы ұны зауыты іске қосылады

Фото: АШМ

АСТАНА. KAZINFORM – Өңірде ірі және ұсақ малға арналған мал азығы ұнын өндіру бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Шикізат ретінде бидай, арпа және жүгері пайдаланылатын болады.

Жаңа зауыттың жобалық қуаты – жылына 120 000 тонна дайын өнім. Бұл өңірдегі сапалы мал азығы өндірісінің көлемін айтарлықтай арттырып, құрамажем импортына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Жобаның құны – 980 миллион теңге. Өндірістік желіні пайдалануға беру 2026 жылдың наурызына жоспарланған.

Кәсіпорынның іске қосылуы мал шаруашылығының дамуына оң әсер етіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешенінің өндірістік әлеуетін нығайтады деп күтілуде.

Айта кетелік Азық-түлік корпорациясы ішкі нарықты бидаймен тұрақты қамтып отыр