Инфекцияны жұқтыру үшін науқас адаммен жақын байланыста болу жеткілікті. Вирустар жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлескенде таралады. Сондай-ақ инфекция лас қолдан да жұғуы мүмкін. Сондықтан науқас бала сабаққа баратын болса, айналасындағыларға вирус жұқтыруы мүмкін.
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жыл сайын өңірдің 200 мыңнан астам тұрғыны ЖРВИ-мен, соның ішінде тұмаумен ауырады.
— Олардың 60%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, — деп хабарлады ведомстводан.
Санитариялық дәрігерлер науқастарға үйде қалып, инфекцияның алғашқы белгілері байқалған кезде дәрігерге қаралуды ұсынады. Жұқтыру қаупін азайту үшін бөлмелерді үнемі желдетіп, қолды мұқият жуу және жөтел мен басқа да белгілері бар адамдармен байланысты шектеу қажет.
Осыған дейін жазғанымыздай, Жамбыл облысындағы бөлшек сауданың 70%-ға жуығы Таразға тиесілі.