Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: қылмыстық іс тергеліп жатыр

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қаза болуына байланысты «Оңтүстік» өңірлік әскери-тергеу басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның бақылауында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге деректер жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, бүгін мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия да жіберілді.