Жамбыл облысының құтқарушылары Ақмола облысына аттанды
09:15, 23 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Кеше Жамбыл облысы ТЖД-нің күштері су тасқынына қарсы іс-шараларын жүргізу мақсатында Ақмола облысына аттанды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Топ құрамында 21 қызметкер, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген 5 арнайы техника бар.
- ТЖМ құтқарушылары су тасқыны салдарын жоюға және халыққа қажетті көмек көрсетуге қашанда дайын, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Айта кетелік су тасқыны қаупін бақылау үшін дрондар қолданылатыны туралы жазған болатынбыз.