Прокурорлар 12 832 кәмелетке толмаған баланы асырауға жұмсалатын 300 млн теңгеден астам қарыздың өтелуіне атсалысты.
Облыс прокуратурасы ӘҚБтК-нің 669-бабы негізінде алимент бойынша 76 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ондағы берешек сомасы 25 миллион теңгеден астқан.
Мәлім болғандай, алимент бойынша 17 млн теңге берешегі бар 56 адам әкімшілік қамауға алынса, 8 млн теңге қарызы бар 20 әкеге әкімшілік айыппұл қолданылған.
«Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Үш борышкерге қатысты сот үкімі шығарылды, 6 тараптың татуласуына және қарызды өтеуіне байланысты тоқтатылды. Екеуі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, ал қалған екеуі сотқа жіберілді» - делінген хабарламада.
Прокуратураның көмегімен 68 борышкер жұмысқа орналастырылған.