Жамбыл облысының соттары былтырғыдан екі есе көп адамды ақтады

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында қылмыстық істер бойынша 28 адамға ақтау үкімі шығарылды, ал 2025 жылдың осы кезеңінде 14 адам ақталған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Фото: Pexels

Бұл деректерді Жамбыл облыстық соты ұсынды. Келіп түскен қылмыстық істер саны да артқан. Қаңтардан қыркүйекке дейін қылмыстық істер жөніндегі сотта 1698 адамға қатысты 1629 іс пен материал қаралды.

Азаматтық даулар бойынша да сотқа көп іс жіберілген. Облыстық сот бұл өсімді негізінен несиелік міндеттемелермен, тұрғындар арасындағы қаржылық қиындықтар және онлайн алаяқтықтың салдарымен байланыстырады.

9 айда сотқа 1074 әкімшілік іс келіп түскен, бұл былтырғыдан 21%-ға көп. Сонымен қатар, қанағаттандырылған талаптар саны да 3,6%-ға артқан. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 50,8% болса, биылғы тоғыз айда 54,4%-ға жетті.

Әкімшілік дауларда татуласу көрсеткіші де жақсарып, былтырғы 6,2%-дан 7,4%-ға дейін артты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 1,4 млрд теңгеден астам қарызға қатысты дау реттелгені хабарланған.

Атырауда сотта қаралған қылмыстық істер азайып, азаматтық істер көбейген.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде сот төрағалары мен судьяларды тағайындады.