Жамбылдық полицейлер күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде сарайда тұрған кір жуғыш машинаның ішінен 4 полипропилен қапшықтағы өсімдік тектес зат пен ерекше иісті ұнтақ заты бар пакет және ұнтақтауға арналған елек тауып, тәркілеген.
Сараптама қорытындысы бойынша аталған заттар жалпы салмағы 111 келі 500 грамм кептірілген марихуана мен жалпы салмағы 2 келі 960 грамм гашиш есірткісі болып шықты.
Сондай-ақ, аталған азаматтың жазғы ас үйдегі диванының астынан 12 мм калибрлі "ТОЗ-63" маркалы тіркелмеген қос ауыз тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылған.
«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.