Жамбыл облыстық қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Ернар Әбілдаев Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы болды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Ернар Ғалиұлы 1991 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген.

2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Туризм» мамандығы, ал 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2015 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде бастаған. Осы министрлікте басқарма сарапшысы, бас сарапшы, басқарма басшысы және департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылғы қазаннан 2024 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі департаменті директорының орынбасары, 2024 жылғы ақпаннан тамызға дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымдарында еңбек етті.

Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Меркі ауданы әкімінің орынбасары болды.

Бұған дейін Энергетика министрлігінде Газ өнеркәсібі департаментінің директоры ауысқанын жазғанбыз.