Бұл туралы Жамбыл облыстық әкімдігінде өткен кезекті аппараттық кеңесте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Ләззат Алимова хабарлады. Сондай-ақ, өңірдегі МӘМС жүйесінің жұмысы туралы баяндаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова
«Бүгінде Байзақ, Қордай, Жамбыл, Шу аудандары мен Тараз қаласында міндетті әлеуметтік сақтандыру ісі баяу жүргізілуде. Тәуелсіз төлем жасаудан бас тартқандардың барлығына ортақ бір себеп, ол – жұмыссыздық. Ауылдардағы азаматтар әл-ауқатының төмендігіне байланысты медициналық көмекке жүгінгенде ғана төлем жасауды жөн көреді. Тұрақты жұмысы бола тұра, сақтандыру төлемдері жасалмаған тұлғалар саны 4161-ге жетіп отыр. Олардың басым көпшілігі білім саласының, ішкі істер органдары мен балабақша қызметкерлері», – деді.
Айта кетейік, бүгінгі күнге облыста әлеуметтік жағдайы төмен 10 110 адам жеңілдік мәртебесіне ие болып, мемлекет есебінен міндетті медициналық сақтандыру пакетіне қол жеткізген.