Оның тұрғылықты жерін тінту барысында Тэя атты қызметтік ит ішінде өткір иісті жасыл түсті өсімдік тектес заты бар қапшықты табуға көмектесті. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 13 келі 60 г кептірілген марихуана болып табылады.
- Сот күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, барлық мән-жай анықталуда, - дейді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабеков.
Айта кетсек, біз бұған дейін Жамбыл облысында 2 886 есірткі сайты бұғатталып, 21 қылмыстық іс тіркелгенін жазған болатынбыз.