Бұл көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бірнеше мәрте бұзған, сондай-ақ айыппұлдар бойынша берешегі болған.
Жалпы айтқанда, жүргізуші көлік құралымен Жамбыл облысының аумағында 91 рет жылдамдық режимін бұзып, оған 2 миллион 726 мың 400 теңге көлемінде айыппұл салынған.
«Тараз қаласының полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған автомашина облыс орталығының Б.Момышұлы атындағы көшесінде анықталып, тоқтатылды.
Көлік иесі барлық айыппұлдарды төлегенге дейін көлік арнайы айып тұрағына қойылды», — делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.