Көлікті тексеру барысында Алматы қаласынан Шу қаласына бағыт алған көліктің артқы орнында отырған жолаушы 20 қарашада Алматы қаласында ҚР ҚК 24-бабының 3- бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіруге оқталу) бойынша көзделген қылмыс жасады деп күдікті болып танылған Тараздың 21 жастағы тұрғыны екені анықталған.
Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласынан қылмыстық қудалау органына берілді.
Бұған дейін Таразда 18 жастағы жүргізушіге бірден 5 айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.