Жамбылда мал жаюға шығып қайта оралмаған ер адам аман-есен табылды
07:33, 15 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысында малшыны іздестіру-құтқару операциясы сәтті аяқталды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
1972 жылы туған ер адам жылқымен шаруа қожалығынан мал жаюға шығып, жоғалып, байланысқа шықпай жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.
— Іздестіру жұмыстары Ақтөбе ауылынан 14 шақырым жерде жүргізілді. ТЖМ күштерінің жедел және үйлесімді іс-қимылдары нәтижесінде жоғалған адам елді мекеннен 25 шақырым жерде, көрші шаруа қожалығының аумағында табылды. Ер адам медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, — дейді мамандар.
ТЖМ азаматтарға алыс жайылымдарға шығу кезінде жақындарына нақты маршрут пен қайту уақытын хабарлау қажеттігін ескертеді.
Осыған дейін Атырауда жоғалған азаматтың денесі Жайықтан табылғаны мәлім болды.