Жамбылда мектеп оқушысын зорлаған депутаттың күйеуіне қатысты сот үкімі шықты

Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

ТАРАЗ. KAZINFORM - Жамбыл облысы Сарысу  ауданында 12 жастағы қызды зорлады деп айып тағылған күдіктіге қатысты сот үкімі шықты.

55 жастағы айыпталушы – Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Галина Мороздың күйеуі. Айта кетейік, жеткіншектің аяғы ауыр болып, оны мұғалімдер ата-анасының рұқсатынсыз жеке клиникаға апарып түсік жасатқан болатын.

«Күдіктіге өмір бойы педагогикалық қызмет атқаруына шектеу қойыла отырып, 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Моральдық өтемақы шығыны ретінде 3 млн теңге төлеу міндеттелді. Күдікті өз кінәсін мойындаған жоқ. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Жамбылда аяғы ауыр әйел перзентханада өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болғанын жазған болатынбыз.