Жамбылдық полицейлер Қызыл кітапқа енген жануарды атқан тұрғынды ұстады
ТАРАЗ. КАZINFORM - Жамбыл облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында «Сапсан» жедел қызметі инспекторларымен бірлесіп, браконьерлік дерегін жасады деген күдікпен Талас ауданының 48 жастағы тұрғынын ұстады.
Фото: Облыстық ПД
Оның тұрып жатқан құмды аймақтағы шаруа қожалығын тексеру барысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарының тушасы, сондай-ақ 2 тегіс ұңғылы қару табылып, тәркіленген.
Департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда заңсыз аң аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот сараптамалары тағайындалған.
Фото: Облыстық ПД
Айта кетейік, Жамбыл облысының Полиция департаменті 1- 29 ақпан аралығында аймақта «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін «журналист» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Kazinform» ақпарат агенттігінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі.