Жамбыл Ахметбеков штабы ардагерлермен кездесіп, шахматтан турнир өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 маусым күні президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбековтің сенім білдірген тұлғалары Нұр-Сұлтан қалалық ардагерлер кеңесімен кездесті. Бұл жөнінде Қазақстан коммунистік халық партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталып, шахмат турнирі ұйымдастырылды.

Кездесуде ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбековтің сайлауалды тұғырнамасының негізгі тезистері түсіндірілді. Нұр-Сұлтан қаласы сайлауалды штабының жетекшісі Н.Оразханов пен партияның құрметті ардагері Н.Батюта кездесуден кейін партияның жаңа мүшелеріне салтанатты түрде партиялық билетін тапсырды. Бұл күні партия қатары Қазақстанның жаңа азаматтарымен толықты.

Билет табыстау рәсімінен кейін шахмат турнирі өтті. Турнирде қалалық комитеттің жас белсенділері қала ардагерлерімен жарысты.