Бұл күні ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкілдері мен партия белсенділері Жастар сарайының жанына жиналды.
Қалалық сайлауалды штаб жетекшісі Н.Оразханов қатысушылар алдында сөз сөйлеп, азаматтар мен мемлекеттің Қазақстан болашағы алдындағы ортақ жауапкершілігін тілге тиек етті. Оразханов үміткердің жұмыс сапарлары мен сайлаушылармен өңірлердегі кездесулері туралы айтты. Оның айтуынша, қатардағы азаматтар партияның жұмысына, оның идеялары мен ұстанымдарына қызығушылық танытып жатыр.
Бұдан кейін партия нышандары бейнеленген киім киген жастар кеңес жылдарындағы әуенмен жаттығулар кешенін жасады.