Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкілдері Тараз қаласында жастарымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкілдері Тараз қаласының белсенді жастарымен және «Тараз қ. Қазақстан Коммунистік жастар одағының» өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Ж. Ахметбековтің сайлауалды бағдарламасындағы жоспарлар, жастардың заманауи ұстанымдары мен моральдық тәрбиесі тақырыбы төңірегінде сөз қозғалды.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар Ж.Ахметбековтің сайлауалды тұғырнамасындағы экономикалық, әлеуметтік-саяси бағыттағы ұстанымдарына қытысты сұрақтар қойып, азаматтық пікірлерін білдірді.

Әлихан Асқарұлы