Бұл кәсіпорын - тігін өнеркәсібі саласындағы ірі ательелердің бірі. Осы кәсіпті үйренем деушілерге арналған оқу орталығы да бар. Халық коммунисінің өкілі Жарылқасын Нұралиев өндіріліп жатқан өнімнің сапасын жоғары бағалап, ұсынылып отырған тауарлар сұранысты қанағаттандыратынын атап өтті. Ол аталмыш кәсіпорын мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын қолдау арқылы ондаған отбасын жұмыспен, тұрақты жалақымен қамтып отырғанына тоқталды.
Бұдан кейін сенімді өкіл еңбек адамының мүддесі, кедейшілікпен күрес, сонымен қатар жалған құндылықтардан бас тарту - сайлауалды тұғырнаманың басым бағыты екенін айтты.
Қатысушылар үміткердің сенім білдірілген өкілін мұқият тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сұрақ қою барысында тұрғындар қаланың экологиялық жағдайына алаңдайтындарын жеткізді.