ҚКХП Қызылорда облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Т.Телеубаев жиналғандарға партияның сайлауалды тұғырнамасын таныстырды.
Ол марксистік-лениндік ұстанымдардың маңызды тұстарын тілге тиек етіп, коммунистік тәрбиенің тәжірибелік аспектілері мен коммунистердің батыстың кері құндылықтарына қарсы жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталды.
Сондай-ақ, ол сайлаушыларды 9 маусым күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауында белсенді болуға және азаматтық борыштарын орындауға шақырды.
Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркелді.