Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының мүрдесі табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тараз қаласында Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының мүрдесі табылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мән-жай нақтылануда», - деп атап өтті ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сүлейменов Жанат Қуанышұлы 1962 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары Есірткі бизнесіне қарсы күрес, Криминалдық полиция комитеттерін, Көліктегі, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Полиция департаменттерін басқарды. 2017-2019 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. Соңғы уақытта Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы болды.