Жамбыл облысы әкімдігі мен «Атамекен» одағы филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған аймақтық форум мақсаты - Елбасы Жолдауы ауқымында өңірде кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру болды. Форумға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілдері, жамбылдық тігін және жиһаз кәсіпорындарының, ет және сүт өндірісінің басшылары, Жамбыл облысындағы екінші деңгейлі банктер өкілдері қатысты.
Форум басталар алдында қатысушылар жергілікті тауар өндірушілердің көрмесімен және екінші деңгейлі банктердің «»Мобильдік кеңселер» және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының» жұмыстарымен танысты. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметтері бойынша, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ бағдарламалары бойынша Жамбыл облысында 316 заемшы 8,9 млрд. теңгенің несиесін алған, 379 жаңа жұмыс орындары ашылған.
Түстен кейін облыс кәсіпкерлерімен даму институттары жұмыс жасады.
Аймақтық форум соңында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев облыс әкімі жанынан кәсіпкерлер кеңесін құру, оның құрамына жеткші кәсіпкерлерді енізу жөнінде тапсырма берді.