Облыс тұрғындары үшін су тасқыны Шу, Талас және Аса өзендерінен, сондай-ақ 14 су қоймасында болуы мүмкін. Су басуды болдырмау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілен.
Департамент басшысының айтуынша, 142 шақырымдық кәріз құбырлары және су арналары, 185 шақырым арық желісі, 430 теміржол және автомобиль жолдарындағы көпір, сондай-ақ 1790 су өткізу торабы тазартылған. «Көктем» командалық штабтық оқу-жаттығуы барысында азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары толық дайындыққа келтірілді.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ТЖ қызметін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып алдын алу шараларын жалғастыруға шақырды.
«Ауа райы күтпеген жерден өзгеруі мүмкін. Сондықтан біз бәріне дайын болуымыз керек», - деді ол.