Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Бекболат Орынбеков тағайындалды
Ол 1957 жылы туылған, білімі жоғары, Алматы энергетикалық институтын «инженер-электрик» және Қаратау қаласындағы Агротехникалық институтты «экономист-бухгалтер» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Талас ауданындағы №110 Қаратау кәсіптік техникалық училищесінің оқытушысы болып бастаған. 1980-1992 жылдары Талас ауданындағы №110 Қаратау кәсіптік техникалық училищесінің шебері, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директорының орынбасары, 1992-1993 жылдары «Қаратау» ассоциациясының бас директоры, 1994-1997 жылдары «Бірлік» шағын жекеменшік кәсіпорнының директоры, 1997-1998 жылдары «Жамбыл автодор» қазыналық кәсіпорнының жетекші маманы, 1999-2003 жылдары Талас ауданы Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, 2003-2010 жылдары Талас ауданы Қаратау қаласының әкімі, 2010 жылдың ақпаны мен қарашасы аралығында Сарысу ауданының әкімі, 2010 жылдың қараша айынан бастап Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.