Облыстық ІІД-інің бастығы Бекет Аймағамбетов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығын оқып, көп жылдар ішкі істер органдарында жұмыс істеген Жұманәлі Пәзілбаев пен Райымбек Тілеповке полковник погондарын тапсырды.
Соғыс ардагерлері өз кезегінде «полиция лейтенанты» атағына ие болған ІІБ-нің тоғыс жас қызметкеріне алғашқы офицерлік погондарды тапсырды.
«Сендерге Отанға адал қызмет етуді тілеймін. Және де ешқашан соғыс қасіретін көрмеңдер», - деді Жұманәлі Пәзілбаев.