ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау бүгін М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтіп жатқан "ТаразИнвест 2012" форумында осылай айтты.
«Индустрияық-инновациялық үдемелі даму бағдарламасын жүзеге асыруда аймақтағы инвестициялық ахуалдың маңызы өте зор. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп әлеуетті инвестор бола алатын әлемнің 169 жетекші ғаламдық компаниясын анықтады. Енді жыл соңына дейін Инвестициялық комитет инвестициялық саясатқа қатысты ұлттық жоспарға бірқатар өзгерістер енгізеді», - деді А.Рау.
Оның айтуынша, Жамбыл облысы қазір республика бойынша өңдеу секторы мен шетелдік кәсіпорындар саны жағынан көшбасшы болып отыр. Облыстың индустрияландыру стратегиясы сәтті жүзеге асырылуда. Химия кластері Жамбыл облысында құрылатын еркін экономикалық аймақта одан ары дамитын болады. Бұл Қазақстандағы 10-шы еркін экономикалық аймақ болмақ. Елбасы қарауында жатқан аталмыш құжатқа жақын арада қол қойылады деп жоспарлануда.