Жамбыл облысы: Тау басындағы құпияға толы Көккөл туристік орынға айнала ма

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы Көккөл көлінің көргісі келетіндер аз емес. Жергілікті тұрғындар арасында «Әулие көл» атанған ерекше көл туралы түрлі аңыздар таралған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биік таудың басындаорналасқан құпияға толы көл маңы әлі толық зерттелмеген, сырын ішіне бүккен тылсыммекен. Кейбіреулер мұнда айдаһар бар десе, енді бірі ол маңнан ақырған бураныкөргендерін айтады.

Тау қойнауындағықұпияға толы көлдің сыртқы пішіні жүрекке ұқсайды. Айдынға ешқандай ағын сунемесе өзен келіп құймайды және ағып шықпайды. Десе де, судың деңгейі қысы-жазыбір қалыпта.

«Осыдан біраз бұрынқызығушылық танытқандар екі сүңгуір азаматты осы көлге алып келіпті. Алдыменбіреуі сүңгіп көлге түскен дейді. Су астында біраз болып шыққан ол мұның түбіжоқ, арғы жағы қап қараңғы деп қайта түспепті. Екінші сүңгуір он шақты метрарырақ барып малтыпты. Он минуттай уақыт өтпестен ол жерден шампанныңқақпағындай болып атылып шығып, апай-топай киімдерін киер киместен қашқанкөрінеді», -дейді өлкетанушы Серік Құралбаев.


Түбі жоқ түпсізкөлге кеңестік кезеңде түрлі экспедицялар ұйымдастырылып, ғалымдардың зерттеунысанына айналғанымен, нәтиже шықпаған. Осы күнге дейін көлдің тереңдігіанықталмаған. Көлдің тағы бір қасиеті айдында бір қоқым, жапырақ жатпайды. Субетіндегі ультродірілден суға түскен кез келген зат сыртқа шығып кетеді.

Жуырда теңіздеңгейінен 3 000 метр биіктіктегі Қарақыстақ жазығындағы көлге арнайыэкспедиция ұйымдастырылған болатын. Оған табиғат жанашырлары мен жергіліктіазаматтар қатысты. Экспедиция мүшелері құлама-жартасты өткелдері бар, жолықауіпті Алатаудың бес саласын асып, діттеген жерлеріне жеткен. Олар Көккөлдіңкерім табиғаты мен өзіне тән ерекшелігі естен кетпестей әдемі әсер сыйлағанынайтады.


«Барып дрон ұшырмақболдық. Алайда, көлді дронмен түсіру мүмкін болмады. Айналаның бәрін түсіргендронымыз көлдің үстіне қарай ұшпай қойды. Көлге қарай обьективті бұрғанымызбенешқандай кадр жазылмады. Дрон программасы қатып қап, «отказ» бере береді. Негеолай болғанын өзіміз де түсінбей дал болдық», - дейді оператор Еркін Жасыбаев.

Жергіліктітұрғындар жолсыз елді мекенге қазақстандықтардан бөлек шетел азаматтарының дааз келмейтінін айтады. Көлдің тылсым қасиетін зерттеуге қызығатындар көп десек,аталмыш аймақты туристік мекенге айналдырудын тиімділігін айтпасақ татүсінікті.


Бүгінде Меркіауданының басшылығы осыған көңіл бөліп, көлге апаратын жол барысын жөнгекелтіруді ойластыруда екен. Ендеше, табиғаты көркем, құпиясы көп Көккөл маңыағылған туристерге толатын күн де алыс емес.

Соңғы жаңалықтар