«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» атты көлемді жобасы биылғы жылғы шараларға қатысқан 350 мыңға жуық жамбылдықтың басын қосты», - деді аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев.
Ол сондай-ақ 2015 жылы облыста «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын қоғам санасында нығайту мақсатында 30 мың адам қатысқан 180-нен астам шара өткізілді.
Еске сала кетейік, Ұлт жоспарының 86-шы қадамы қазақстандық бірдейлікті нығайтып, біртұтас азаматтық бірлікті қалыптастыру үшін жағдайлар жасайтын «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасының іске асырылуын анықтайды.