Бірінші лек бойынша «Алтын белгі» жалпы орташа білім аттестатына үміткер 162 түлектің ішінен 46 түлек өз білімдерін растады, ол 28,4 пайызды құрайды. Үздік аттестатқа үміткер 56 үміткердің ішінен 9-ы (16,1 пайыз) өз білімдерін растады. 2 маусымдағы ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орташа балы 71,39-ды құрады. Ең жоғары - 123 балды тараздық №1 гимназияның түлегі Анастасия Хван алды, ол - химия бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы.
Жамбыл облысы әкімдігінің облыстық білім басқармасы хабарлағандай, осы оқу жылының 9 349 түлектерінің ішінен 6 773-і ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірді, бұл жалпы санның 72,4 пайызын құрайды. Таразда бұл пайыз 75,1-ге жоғары (2 438 түлектің 1 832-сі).
2 маусымда ҰБТ қорытындысы бойынша Жамбыл облысының Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысуға өтініш берген 6 773 түлектерінің ішінен 3 441 түлек қатысу қажет болатын. Нақты қатысқандары - 3 428 түлек. Қатыспағандар - халықаралық пәнаралық олимпиада қатысушылар мен жүлдегерлер ретінде, сондай-ақ ауырып қалуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен босатылғандар.
Жамбылдық мектептердің 118 түлегі үздік аттестатқа, 301-і - «Алтын белгіге» үміткер.