Жамбыл облысында 12 жасар қыз жоғалып кетті

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбылда 28 тамыз күні үйінен шығып кеткен 12 жасар жеткіншекті жақындары іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ZhambylNews-ке сілтеме жасап. 

Ботабекова Жанета Жанатқызы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында тұратын. 2006 жылы дүниеге келген. Үйден кетер алдында "Мен үйден кеттім, іздемеңдер!" деп хат қалдырып кеткен.

Бойы - 150-155 см, арық, қара торы қыз. Соңғы рет үйден шыққанда үстіне қызғылт түсті футболка мен джинсы шалбар болған.

Жеткіншекті көрген-білгендер болса, 8(7262) 99-72-50; 99-70-10; 8 705 737 10 84(Ағасы) немесе 102 номерлеріне хабарласуға болады. 

Соңғы жаңалықтар