Облыстық қаржы басқармасының бастығы Нұржан Қалендаровтың айтуынша, аймақ бюджетінің кіріс бөлігі 100,2 пайызға орындалып, түсім 109,6 миллиард теңгені құраған.
«Проблемалар шығыс баптарды орындауда туындап отыр - жоспар 110,34 миллиард теңгені құраса, іс жүзінде 108,05 миллиард теңге ғана игерілген, яғни жоспар 97,9 пайызға орындалған», - деді Н.Қалендаров.
2,28 миллиард теңге игерілмей қалған, оның 1,8 миллиарды - республикалық бюджеттен қарастырылған мақсатты трансферттер.
Қаржы ведомствосы басшысының айтуынша, бюджетті игеру бойынша кеш қалған өңірлер - Тараз қаласы (96,2 пайызға игерген), Мойынқұм ауданы (98,4 пайызға игерген), Тұрар Рысқұлов атындағы аудан (98,8 пайызға игерген) және Шу ауданы (99,2 пайызға игерген.