Жамбыл облысында 2 802 нысан заңдастырылды

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Мүлікті заңдастыру үрдісі басталғаннан бері Жамбыл облысында құны 15,4 миллиард теңге болатын 2 802 нысанды заңдастырылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қыметінен.

«Бүгінгі күні жекешелендіру бойынша өтініш бергендердің басым бөлігі Тараз, Байзақ пен Шу аудандарынан (861,478 және 430). Ең төмен көрсеткіш Рысқұлов пен шалғай аймақта орналасқан Мойынқұм ауданында (71 мен 25 өтініш).

Мүлікті жария ету бойынша насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр, соның аясында жергілікті БАҚ-қа 300-ден аса материал жарияланды. Елді мекендерде 90 жарнамалық билборд орнатылды. Аймақтарда дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіліп тұрады», - деп хабарлады әкімдіктен.