Жамбыл облысында 24 жастағы жігіт 1,5 тонна марихуанамен ұсталды

АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының «Шу-Тәтті» өткелінде ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 24 жастағы жігітті ұстады. Одан салмағы 1 тонна 406 келі марихуана тәркіленген.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, күдікті Қарағанды облысының тұрғыны болып табылады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.