Есірткі қылмысын анықтау және оған қарсы күресу полицейлердің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Есірткі құралдарын дайындаумен, тасымалдаумен, сақтаумен, өткізумен айналысатын адамдардың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.
«Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері 785 қылмыстық құқық бұзушылық дерегін анықтады: оның ішінде 120 есірткі өткізу дерегі, 59 аса ірі көлемде сақтау дерегі, 5 есірткі құралдарының контрабандасы, 4 есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау және 574 қылмыстық теріс қылық дерегі тіркелді», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Жалпы, заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 70 келі гашиш, 2 тонна 907 келі марихуана, 1 келі героин және 2 келі синтетикалық есірткі бар.