Жамбыл облысында 373 ауылдың 197-сі ғана орталықтандырылған ауызсумен қамтылған
Бүгінде аймақта 373 елді мекеннің 197-сі ғана орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген, бұл 51,7 пайызды құрайды.
Бұл ретте, 174 елді мекен (45,9 пайыз) сумен қамтудың орталықсыздандырылған көздерінен (ұңғымалар, құдықтар) қамтамасыз етілуде, сегізі сырттан көліктермен жеткізілетін суды пайдалануда.
Сумен қамтамасыз ететін 29 нысанның құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 5,2 млрд. теңге бөлінді. Өткен 2012 жылы облыстың 26 ауылдық елді мекенін сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар аяқталды.
2013-2015 жылдары «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында облыстың 45 елді мекенінде сумен қамтамасыз ететін 43 нысанды салу және қайта жөндеу жоспарлануда, соның ішінде Тараз, Жаңатас және Қаратау қалалары бар. Бұл мақсаттарға республикалық бюджетте 17,3 млрд.-қа жуық теңге қарастырылды.
2013 жылы 13 елді мекенде сумен қамтамасыз ететін 15 нысанды іске асыру аяқталады. Облыс әкімдігінде 2015 жылға қарай аймақ тұрғындарының 77,9 пайызы орталықтандырылған жүйеден келетін суға қол жеткізетініне сендірді.