Жамбыл облысында 4 күн бұрын малды іздеуге шыққан ауыл тұрғынының мәйіті қар көшкінінің астынан табылды

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 4 күн бұрын малды іздеуге кеткен ауыл тұрғынының мәйіті сайдан, қар көшкінінің астынан табылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

18 наурыз күні Жамбыл облысы Құмарық ауылының маңындағы «Шалтау» тау шатқалына малды іздеуге шыққан Ақыртөбе ауылының 1956 жылғы және Құмарық елді мекенінің 1959 жылғы тұрғындары үйлеріне оралмады. Іздестіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 22 наурызда Құмарық ауылынан 20 шақырым жерде таулы шатқалда 4-5 метр тереңдікте қар астынан Ақыртөбе ауылы тұрғынының мәйіті табылды. Екінші ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Іздестіру-құтқару жұмысына Жамбыл облысы бойынша ТЖД «Судан-құтқару қызметі» ММ-нің 7 адамы мен 1 техникасы, «Шұғыл құтқару жасағы» ММ-нің 10 адамы мен 3 техникасы және жергілікті 20 тұрғын жұмылдырылды.