АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу барысында 400 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер анықталды.
«Бүгінде облыстың ауыл шаруашылығы айналымына соның шамамен 130 мың гектары енгізілді»,-деді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев.
Әкімнің айтуынша, соңғы 3 жылда егіс айналымында азықтық дақылдар алқабы 16,2 пайызға, майлы дақылдар - 25,8 пайызға, көкөніс 12,7 пайызға ұлғайған.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.