Жамбыл облысында 50 млн теңгенің жанармайын шекарадан заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген уақытша шектеулерге қарамастан, кейбір жеке және заңды тұлғалар оларды заңсыз өткізуге әрекет жасауда.

2021 жылғы 13 қарашада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жасағы Жамбыл облысы Меркі ауданының «Чальдовар» (теміржол) өткізу пунктінде Қазақстан аумағынан шамамен 68 тонна дизель отыны мен 120 тонна бензинді заңсыз әкету әрекетін болдырмады (отын түрін сараптама белгілейді).

Отыны бар үш цистернаны тасымалдау газ конденсаты түріндегі жүк темір жол құрамымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап.

Сараптама қорытындысы бойынша ұсталған тауарды іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне беру жоспарлануда. Ұсталған жанармайдың алдын ала құны 50 млн теңгені құрады.